контакт: 8/7182/209910 priem_ord@mail.ru
адрес: Павлодар қ., көшесі Генерал Дүйсенов, 4/2
Жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімі
01-03-2023 12:01
Жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімі

 

Сулейменова Эльвира Космановна

Жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі жоғары санатты неонатолог. Еңбек өтілі 27 жыл.

1995 жылы Новосибирск мемлекеттік медицина институтын бітірген, 2000 жылдан бастап жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация бөлімінің меңгерушісі.

 

Бөлімшенің неонатологтары:

 

 

Юсопова Татьяна Васильевна. Жоғары санатты, жұмыс өтілі 22 жыл

 

 

Шкретова Ксения Анатольевна. Бірінші санат, тәжірибесі 12 жыл

 

Раисова Қарлығаш Тоқанқызы. Жоғары санат, тәжірибесі 21 жыл.

 

 

Бабий Дарья Валерьевна. Екінші санат, тәжірибесі 8 жыл

 

Әбенов Дәурен Мақсұтханұлы. Жоғары санат, тәжірибесі 34 жыл

 


-----------------------------------------------------------------------------------------

 

 

ОРИТН-да перинаталдық орталықта туылған және облыстың басқа емдеу мекемелерінен ауыстырылған жаңа туған нәрестелерге шұғыл және жоспарлы емдік көмек көрсету жүзеге асырылады.

Жаңа туған нәрестелерді Реанимациялау және қарқынды терапия бөлімшелері 18 төсекке есептелген.

Жаңа туған нәрестелерді Реанимациялау және қарқынды терапия бөлімшесінің қызметі ҚР нормативтік құжаттарымен (бұйрықтар, хаттамалар, жергілікті нормативтік актілер, мекеме бойынша бұйрықтар) регламенттеледі.

ОРИТН негізгі мақсаты перинаталдық сырқаттанушылық пен өлімді төмендету болып табылады:

- өмірлік маңызды функцияларды қолдауды және қарқынды терапияны қажет ететін жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде операцияға дейінгі кезеңде хирургиялық патологиясы бар науқастарға жоғары білікті көмек көрсету;

- заманауи деңгейде санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету және ауруханаішілік инфекцияның алдын алу;

- жаңа туған нәрестелердің аналарымен және туыстарымен санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу және науқас балалардың ата-аналарына эмоционалдық қолдау көрсету.

- Жаңа туған нәрестелерге емдік-диагностикалық көмек көрсету

Бөлімше заманауи жоғары технологиялық аппаратурамен қамтамасыз етілген.