контакт:
8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес:
Иртышский р-н, с. Иртышск, ул. Кожабергена Батыра, 15
Аурухана туралы
27-01-2020 14:40
  Аурухана туралы

ШЖҚ «Ертіс аудандық ауруханасы» КМК Ертіс ауданының тұрғындарына арнайы медициналық көмек, сонымен бірге, амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін көп салалы емдеу кәсіпорны болып табылады.

Ауданның медицина желісі 40 төсек орынды орталық аудандық ауруханасынан, 4 дәрігерлік амбулаториялардан және 20 медицина пунктерінен құралады.

Аудан тұрғындарына 22 дәрігер және 121 орта медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетеді. Басқадай қызметкерлер саны 115 адам. Барлық қызметкерлер саны 258 қызметкер.

Дәрігерлердің санаттылығы — 44 пайызды, немесе, 8 дәрігерді (оның ішінде 3 жоғары сантты дәрігер, бірінші санатты 4 дәрігер, екінші санаты -1 дәрігер,4 дәрігер санат алу үшін еңбек өітілдері жеткіліксіз) құрайды.

ОМҚ санаттылығы 33 адамды немесе, 37,5 пайызды құрайды.

Амбулаторлық-емханалық көмек. Емхана бір ауысымда 110 қабылдауға есептелген. Тұрғындарға амбулаторлық — емханалық көмекті 8 дәрігерлік учаскелер, олардың ішінде 4 учаске ОАА және 4 ДА көрсетеді.

Стационар жұмысы. Тәулік бойынша стационардар барлығы 40 төсек орын.