контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
"Менің отбасым-менің қорғаным!" ұранымен Ұлттық отбасы күні
10-09-2015 05:43

"Жас жұбайларға"

Құрастырған: ШЖҚ "Екібастұз қаласының №3 емханасы" КМК психологы Е.В.Кущербаева

Адам баласының тірі организм ретінде әрекет етуі әр түрлі қажеттіліктерді талап етеді. Олардың ішінде кейбірі ересек адамның өзімен, кейбірі – тек біреумен бірлесіп қанағаттандырылады. Егер некелескен сәттен бастап (әйел мен ер адамның бірігуі) шаруашылық, экономикалық, бала туатын, тәрбиелік функциялар маңызды болса, қазіргі сәтте жаппай эмоционалдық қолдау функциясы күшейе түседі. Некелескен кезде сезім қажет болады. Дәл осы махаббат отбасын құруға жетелейді. Тіпті аты шулы «есеп бойынша неке» махаббаттың пайда болуына жол береді.

Әр адам өз бетінше бірегей және қайталанбас тұлға, осы бірегейліктің екінші жағы пешенеге жазылған жалғыздық болып табылады. («Барлығымыз жалғызбыз және бізге кешірім жоқ») Адам осы өмірге жалғыз келіп, жалғыз кетеді. Жер бетіндегі өмір де ұзаққа созылмайды. Өз болмысыңның бірегейлігін және жеке қасиеттерінің қайталанбастығын түсіну адамның жалғыздықты жеңуіне итермелейді. Кімде кімнің бізді түсініп, қабылдауы үшін біреуге қажет болуымыз керек. Адам баласы сүюді және сүйікті болуды аңсайды. Оны адам некеден, отбасынан табуға тырысады.