контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Бос лауазымдық орын

.Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Екібастұз қаласының № 3 емханасы" ШЖҚ КМК бақылау кеңесі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Екібастұз қаласының № 3 емханасы" ШЖҚ КМК басшысы - бас дәрігері бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурс құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде 141201, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 42г мекенжайында орналасқан "Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының" Екібастұз қаласының № 3 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында өтеді.

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Екібастұз қаласының № 3 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мына мекен-жайда орналасқан: 141201, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 42г, тел. 8(7187)347478, pol3_ekb@mail.ru.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмекті толық көлемде көрсету, емханада және үйде көп бейінді консультациялық, диагностикалық және емдеу көмегін (амбулаториялық, стационарды алмастыратын) толық көлемде көрсету, бекітілген халықтың денсаулығын қорғау бағдарламаларын орындау болып табылады.

Конкурс ҚР ДСМ 27.05.2020 ж. № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы бақылау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Бас дәрігердің негізгі лауазымдық міндеттері:

1) денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдер, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін жауапты болады.

2) ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға жеке басымен жауаптыболады.

5) ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

6) санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

7) гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық қағидалар мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.

8) ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

9) қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

10) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның атынан өкілдік етеді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздіктің, еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;      денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;      отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

1) "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білімі

2) "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттық курстан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша тиісті мамандық немесе жоғары білім бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе МВА executive немесе full time дәрежесі

3) денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты,

4) денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

Конкурсқа қатысуға  қабылданбайды:

1) жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін, лауазымдары мен жұмыстарына он сегіз жасқа толмаған азаматтар

2) квазимемлекеттік сектор субъектілері, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;

5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама);

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында немесе "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ және "Екібастұз қаласының №3 емханасы" ШЖҚ КМК интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттар электронды түрдеyurist_poliklinika3ekb@mail.ruэлектрондық поштасынаұсынылады.Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.