Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Павлодар қаласының құрметті тұрғындары!

Біз сіздерді өз сайтымызда қарсы аламыз!

Жедел медициналық жәрдем қызметі Павлодар қаласында алғаш рет 1937 жылы ұйымдас-тырылды.  Ол Ленин көшесіндегі үйдің кішкене бір бөлмесінде болған. Алғашқы «жедел жәрдемге»  ат каретасында шақыруға шыққан.  Медициналық құрамнан «жедел жәр-демде» фельдшер  Круглов жұмыс істеген.  Сол алыс уақытта «жедел жәрдем» жылына 2720 шақыруды орындаған.

Бүгінде бұл-облыс халқының 795000 мың тұрғының денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда жедел медициналық жәрдем қыметін көрсетеді.  Тәулік бойы жедел жәрдемнің 70 бригадасы, жалпы бригадалар санында бар;

-реанимациялық – 1;

-кардиологиялық– 3;

-қарқынды терапиялық – 4;

-психоневрологиялық – 1;

-педиатриялық – 2;

-акушерлі-гинекологиялық-1;

Станцияның қызмет көрсету радиусы  25 километрді құрайды, жаппай катастрофа жағдайларында жедел жәрдем бригадалары көмек көрсету үшін  25 километрден асатын қашықтыққа шығады.   Жыл сайын  280000 астам шақырулар орындалады. «Жедел жәр-дем» заманауи медициналық аппаратурамен, бір рет қолданылатын құрал-сайманмен, жаңа көліктермен жарақталған, жаңа технологиялар енгізіледі.

Бүгін  «жедел жәрдемді»  медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты ұйымдастырушы-дәрігер   Қанадан Қанашұлы Ахметжанов  басқарады.

 Соңғы  3 жылда енгізілген иннновациялық технологиялар:

 -автоматтандырылған К-2 бағдарламасын басқару жүйесі (60 параметрлер бойынша статистикалық есеп, жасалған бағдарлама бойынша шақыруларды қабылдау және өңдеу);

-Павлодар облысының барлық автокөліктің навигациялық жүйесі;

-облыстың медициналық ұйымдармен интеграциясы, КМАЖ

-автокөлікті газдық жабдыққа ауыстыру;

-кешкі уақытта « шыңдық» бригадаларды шығару;

-шақыру карталарын электрондық толтыру;

-планшеттерді енгізу;

-симуляциялық классты оқыту орталыығы;

-жедел жәрдем бригадасының қала тұрғындарының қалың орналасқан ауданында үнемі патрульдеуі;

-триаж жүйесі (пациенттің ауыртпалық дәрежесі бойынша әртүрлді түске боялған сигналды парақтары).

Миссиясы:

Заманауи кәсіби және техникалық деңгейге жауап беретін, қолжетімді жедел және қауырт медициналық көмекті сапалы және жедел көрсету;

Мақсаттары мен мәселелері:

- Павлодар қаласының тұрғындарына жедел және қауырт  медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесін оңтайлау;

-оның қолжетімділік деңгейін, уақытылығы мен сапасын арттыру;

-жедел жәрдем бригадасы жұмысының негізгі жедел көрсеткіштерін жақсарту;

-жедел медициналық жәрдем қызметінің барлық бөлімшелері жұмысын ұйымдастыру және басқару жүйесін оңтайлау

-кадрлық әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында қызметкерлердің медициналық білімдерін жетілдіру.

-облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының материалдық-техникалық базасын нығайту;

-жедел жәрдемді орташа күту уақытын азайту;

-госпитальға дейінгі өлімді төмендету;

-жедел медициналық жәрдемнің диспетчерлік қызметі іс-қимылын жетілдіру;

-пациенттерді қайта адрестеу және негізсіз шақырулар санын төмендету жөніндегі жаңа механизмдерді жасау және енгізу.

Қабылдау бөлмесінің телефоны/факсы: 8(7182)32-87-88 e-mail: ssnmp_pvl@mail.ru    сенім телефоны: 65-18-14;  32-37-78

Басшы орынбасары  – Мищенко Ирина Болеславовна

Телефоны: 32-37-78.

Басшының аудит жөніндегі орынбасары: Ольга Борисовна Вербовая

Телефоны: 65-18-14.

Мекенжайы:  Павлодарқаласы, Абай көшесі, 115.

ММ  мекенжайы  Павлодар облысы әкімдігі «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ

Астана көшесі,59

Қабылдау бөлімінің телефоны: 325-002