контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Психологиялық көмек қызметі
16-04-2021 10:08
Психологиялық көмек қызметі

Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында сенім телефоны бар медициналық-психологиялық көмек қызметі жұмыс істейді. Бұл қызмет күнделікті өмірде психологиялық қиындықтары, проблемалары, невротикалық сипаттағы шағымдары бар клиникалық сау адамға, сондай-ақ қиын өмірлік немесе дағдарыстық жағдайдағы адамдарға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған.

Кызметің негізгі бағыттарына жататындар:

• сенім телефоны бойынша кеңес беру - халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету. Мамандармен тәулік бойы 88000803434 немесе 1302 нөмірі бойынша байланысуға болады.

• психологиялық кеңес беру кабинетінде психологиялық кеңес беру – дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

• Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының невроздар бөлімшесі базасында стационарлық көмек көрсету (шекаралық жүйкелік-психикалық бұзылу белгілерін диагностикалаған жағдайда клиентке психиатр-дәрігердің консультациясы ұсынылады, кейіннен стационар жағдайында емделеді)