Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Президенттің марапаты.
24-11-2020 15:44
Президенттің марапаты.

Коронавирустық инфекциямен күресті жоғары ұйымдастырғаны және белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың бұйрығымен ШЖҚ "Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" КМК  бас дәрігері К.К. Ахметжанов және реанимациялық бригаданың дәрігері Н. И. Гапченко "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

Барлық жедел жәрдем бригадалары медициналық жабдықтармен ( ИВЛ аппараттарымен, дефибрилляторлармен, кардиометрлермен, небулайзерлермен ,смартфондармен, ноутбуктермен) толық жабдықталған , 100% дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген . Толық көлемде жеке қорғаныс құралдары бар: ПЧК, маскалар, қолғаптар, көзілдіріктер, қорғаныс экрандары, бір рет қолданылатын халаттар, қалпақшалар, дезинфекциялаушы заттар. Пандемия кезінде қоңыраулардың дұрыс ұйымдастырылуының арқасында жедел жәрдем бригадалары жылдамдықты төмендетпеді. Біздің басшы және реаниматолог жоғары марапатқа лайық.

 

Әкімшілік