Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қолданбалы бакалавриат
24-01-2020 17:17

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК медбикелік білімді жаңғыртуды іске асыру бойынша ақпарат

Барынша күрделі проблемалары алдында тұрған денсаулық сақтау саласындағы іргелі реформалар кезеңінде ДДҰ стратегиясына сәйкес, медбикелер мен акушерлер денсаулық сақтау саласын реформалаудың басты ресурсы болып бағаланып отыр. Медбикелер денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлер құрамының ең ірі категориялары бола тұра, түрлі жағдайларда жұмыс істей отырып, жиырма бірінші ғасырдағы барлығының денсаулығы үшін қойылған міндеттерді орындауға қол жеткізу үшін елеулі үлестерін қосуда. Екінші жағынан алып қарасақ, олар тұрғын халықтың медициналық қызметке қол жетімділігін қамтамасыз ету теңдігін және жұмысы мен тұратын жері бойынша медициналық көрсетілетін қызметті ұсыну, көп профильді бригада аясындағы жұмыс, қоғамдастықты дамыту, денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу мәселелерінде жаңа акценттің қойылуына байланысты проблемаларын тиімді шешуде оқыту және даярлау ісіне мұқтаж.

2016-2019 жылдарға Қазақстан Республикасындағы медбикелік білім жүйесін жаңғырту жөніндегі Жол картасы аясында, ШЖҚ «Павлодар медициналық колледжі» КМК (бұдан ары-Колледж), Жоғары Медбикелік Колледжге қайта құру туралы еліміздің 6 пилоттық медициналық колледжі қатарына енді.

2016 жылғы 5 шілдеде Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы» №223/5 Қаулысына сәйкес «Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар медициналық жоғары колледжі» болып қайта аталды.

ISO 9001:2008 стандарты талаптарына сәйкес, халықаралық сапа менеджменті жүйесі енгізілді (сапа сертификаты 2015ж.03.07 мен 2018ж.02.07 аралығына TUV Rheinland Cert GmbH №011001518810).

Колледж Финляндияның қолданбалы ғылымдар университетімен, Омбы облысының «Медициналық колледжі» Бюджеттік Білім беру мекемесімен табысты ынтымақтасады.

2014 жылдан бастап колледжде Финляндияның Қолданбалы ғылымдар университетінің сарапшыларымен бірлесе әзірленген, жоғары кәсіптік клиникалық бейімделген, медициналық мамандар даярлау үшін «Медбикелік іс» мамандығы бойынша қолданбалы ғылымдар баклавриатының білім беру бағдарламасы эксперимент режимінде қолданыла бастады.

Медбикелер үшін келесілер: кейбір тұлғалар мен отбасыларды өзіне-өзі көмектесе алуға, репродуктивті денсаулықты сақтау және нығайтуға, созылмалы ауруларымен күресте оларға көмектесуді, үлкен қауіптілік салдарына ұшыраған тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында барлық деңгейдегі медициналық қызметті жаңғыртуды үйрету- жаңа міндеттері болып табылады.

Медбикелік практиканы үздіксіз жетілдіру және көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру медбике кәсібін алғысы келетіндірге оқыту сапасы мен барабарлығының тиісті сапасын арттыруды, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген медбикелердің біліктіліктерін үздіксіз арттырып отыруды талап етеді.

2016 жылы тамыз айында тәжірибелі медбикелер үшін эксперимент режимінде «Медбикелік іс» мамандығы бойынша қолданбалы баклавриаттың тездетілген білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға талапкерлер іріктеліп, қабылданды.

Республикалық бюджет бойынша 25 орынға 95 өтініш берілді. Кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар медбикелер қабылданды.

Облыс пен қаланың 23 медициналық ұйымдарының өкілдері білім деңгейлерін арттыруда, студенттер қатарында он бас медбике, аға медбике, пост медбикесі, емшара кабинеттерінің медбикелері бар. Бұл бағдарлама Европалық директиваларға сәйкес әзірленді, және де, студенттердің 50% уақттарын клиникалық жағдайларда өткізеді.