контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Бос лауазымдық орын

Павлодар облысының  Денсаулық сақтау басқармасы,140000

Павлодар қаласы,  И.Байзақов көшесі,151/2 үйі, анықтама телефоны 8 (7182)67-53-10, (факс) 67-52-08, Павлодар облсынының әкімдігі, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Качир орталық аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын  бас дәрігері бос орындық лауазымына байқау жариялайды.

Байқау Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі,151/2 көшесі, 4 қабаты мекен жайы бойынша Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында күнтізбелік он күн ішінде бекітілген тізім бойынша байқауға қатысуына рұқсат берілген  тұлғаларға өткізіледі.

Орналасу мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 140600, Павлодар облысы, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 88 үй, тел.:8(71833)22823

Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады:

1) мамандыққа сай-кеңестік кең көлемдегі қызмет түрлерін көрсету, ауданның тұрғындарына үйлерінде немесе емханада диагностикалық және емдеу түрлерін жүзеге асыру;

2) сырқат адамдарды тегін емдеуге мемлекеттік сұраныс бойынша алынған қаражатты шығындауды ұтымды және мақсатты жүзеге асыру;

3) сырқат адамдарды емдеу мен диагностикалаудың құралдары мен қазіргі әдіс-тәсілдерін тәжірибеге кең көлемде енгізу мен уақтылы игеру, жүзеге асыру;

4) Кәсіпорын қызмет көрсету аумағында сырқаттарды толық есепке алу, жылдық есепті құрастыру;

5) жалпы емдеу желісінің мамандарына кеңес беру қызметін ұйымдастыру;

6) Кәсіпорынның медициналық қызметкерлері мен дәрігерлердің біліктіліктерін арттыру бойынша шараларды жүзеге асыруда қысқа мерзімді курстарды өткізу мен оқытудың басқа да формаларын іске асыру;

7) емдеу-диагностикалық қызметті әрі қарай жандандыру бойынша болашағы зор жоспарларды жыл сайын дайындап отыру;

8) салауатты өмір сүру салтын насихаттау бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жолға жою;

9) Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшылары бекіткен тізімге сәйкес кепілдендірілген тегін көмек көрсетудің көлеміне қосылмайтын медициналық қызметтің кейбір түрлерін ақылы негізде жүзеге асыру (маман дәрігерлердің кеңес беру түріндегі қабылдаулары, зерттеулер, рентген-сәулелік диагностика, басқа да шаралар менем-дом жағдайларын, физиошаралар, медициналық байқаудан өткізу).

10) келісімшарт негізінде кәсіпорындар мен ұйым-мекемелерге медициналық қызмет көрсету;

11) Кәсіпорын әрекетін дамыту мен қолдау үшін қажетті кірісті алу, осы мақсатта мемлекеттік сұранысты іске асыру, төлемді қызмет көрсету жүйелі мен кәсіпорындармен шаруашылық келісімшарттарын жүзеге асыру;

12) мемлекеттік сатып алу туралы туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тауарды сатып алуды ұйымдастыру, жұмыс пен қызмет түрлерін жүзеге асыру.

Кәсіпорын әрекетінің мақсаты болып табылады:

1) денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық әрекеттерін жүзеге асыру;

2) әлеуметтік міндеттерді шешу, медициналық қызмет нарығын игеру жолымен кіріс алу;

3) ересектер мен балалардың денсаулығын қорғауға арналған бағдарламаларды орындау;

4) амбулаториялық және стационарлық көмекті ауданның тұрғындарына қажетті көлемдегі көмекті қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидатураны таңдау кезінде қойылатын негізгі талаптар болып табылады:

  • салаға сәйкес уәкілетті органмен бекітілген, біліктілік талапқа сәйкес, кәсіби дайындық деңгейі мен қажетті профиль бойынша жоғары медициналық білімі болуы;
  • экономика саласынан кәсіпорынның профиліне сәйкес, басқару лауазымында мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:

  • он сегіз жасқа толмаған;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға таласқан тұлғалар, конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімге дейін, келесі құжаттарды ұсыну керек:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері (нотариалды куәландырылған);
  • еңбек кітапшасының ( ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері (нотариалды куәландырылған);

 

  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен ( Нормативтік –құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (  біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ  бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі

Конкурсқа қатысуға таласқан тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпараттар құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған  күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау күні:

Конкурсқа қатысуға таласқан тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпараттар құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды жарияланған  күннен бастап жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады:

Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2 — Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы, тел. 65-38-82, бұқаралық ақпараттар құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған  күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының  персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысының бөлімі, № 305-ші кабинетте қабылданады.


ШЖҚ КМК «Качир орталық аудандық аурухана»-да дәрігерлік кадрлар тұтынушылығы бар:

  1. акушер-гинеколог дәрігері- 1
  2. невропатолог дәрігері — 1