контакт: 8-(7182)-605068 60-55-09 дерматовенерологическое отделение № 2 62-65-93 дерматовенерологическое отделение № 1 60-50-92 зав. амбулаторно-поликлинического отделения
адрес: г. Павлодар, ул. Кутузова, 200
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      Біздің  міндетіміз – аса жұқпалы тері және венерологиялық ауруларымен сырқаттанған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мен сырқаттанушылығын төмендету, осы дерттер бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, облысымыздың демографиялық жағдайын жақсарту мақсатымен халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау.

Көрінісі:диспансер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру арқылы  жұқпалы тері және венерологиялық ауруларымен сырқаттанған емделушілерге медициналық қызмет көрсетужүйесін үздіксіз жетілдіру және медициналық көмекке қолжетімділігін жақсарту.

Мақсаты: облыс тұрғындарының медициналық көмек қажеттігін тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шеңберінде және ақылы негізде қанағаттандыру.                                                                                                                                                                                                                                                         ШЖҚ «Павлодар облыстық тері-венерология диспансері» КМК Павлодар қаласы, Кутузов көшесі 200 үй мекен-жайында орналасқан.

Тіркеу орнынының тел. 60-50-95.                                                                                   Сенім телефоны сағ. 8.00 - 18.00 дейін 60-50-92.   

Павлодар облысының дерматовенерологиялық қызметінің даму тарихы.

Павлодар облыстық тері-венерология диспансері Павлодар облысы және Павлодар қаласымен бірге экономикалық дамудың, қалыптасудың ауыр жолынан өтті. 1913-1931 жылдар аралығында дерматовенерологияның науқастары қалалық амбулатория кабинеттерінде емделді. 1931 жылы алғашқы венерологиялық диспансер ұйымдастырылды. 1934 жылы венерологиялық диспансерге мына мекен-жай бойынша Ленин көшесі,130 жеке ғимарат бөлінген.1972 жылы ОТВД Ленин 130 көшесінен Циолковский көшесіне көшіп, ал 2000 жылдың қыркүйек айында ОТВД барлық қызметімен бірге Кутузов көшесі 200, № 3 қалалық емханасының (2 және 3 қабатты) 2 ғимаратына көшеді.

Денсаулық сақтау ісі реформаға ұшырағандықтан және экономикалық тұрғыдан қолайлы емдеу әдістерін енгізумен байланысты, кереует саны қысқарып, мына сандарды құрады: 1991 ж. – 220 кереует болса, ал 2007 ж.–100 кереуетке (оның ішінде 70 кереует – тәулік бойы жатып шығу және 30 күндіз жатып шығуға арналған) дейін жетті.

Облыстық дерматовенерология қызметінің ұйымдастырылуына келесі «Денсаулық сақтау ісінің үздіктері», бас дәрігер – М.Н.Теренина (1956-1973 ж.ж.) және бас дәрігер – Б.А.Қазыбаев (1973-1994 ж.ж.) және м.ғ.к. В.Р.Айтқұлова зор үлестерін қосты.

Маңызды бағыттар болып: жыныстық жолмен таралатын жұқпалардың ерте диагностикасы, аса жұқпалы тері аурулары жөнінде емдеу – сауықтыру мекемелерімен, яғни МСАК, санитарлық– эпидемиологиялық қадағалау, мал, ішкі істер және білім ведомство аралыќ сабақтастық.

2010 жылғы дерматовенерологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары

1. ЖЖТЖ және дерматомикоздар сырқаттанушылық көрсеткіштерін төмендету бойынша алдын алу жұмыстарын жақсарту.

2. БҰДЖ енгізілу шеңберінде пациенттердің дәрігерді дермес таңдау құқығымен қамтамасыз ету.

3. Медициналық ақпарат – талдау орталығы негізіндегі және облысымыздың амбулаторлыќ – поликлиникалыќ ұйымдарымен ауруханаға жатқызу бюросымен жұмыс жасау.

4. ЖЖТЖ және дерматомикоздарды емдеудегі жаңа технологияларды енгізу, көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру, уақытында ұйымдастырушылық шараларды қолдану үшін емделуші қауымның пікірін зерттеу бойынша халықпен жұмыс жасау.

5. Зертханалық қызметті материалдық – техникалық құралдармен, бөлімшелерді қосымша ұйымдастыру техникамен жабдықтау.

6. Аккредитацияны өткізуге дайындық.