контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Емшекпен емізу: ана мен балаға пайдасы
31-07-2023 16:13
Емшекпен емізу: ана мен балаға пайдасы

        Сәбиді ана сүтімен тамақтандыру (емшекпен емізу немесе сүзілген сүтпен) ана мен бала денсаулығы үшін ең таңдамалы жол. . Ананың сүті - нәрестенің дамуы үшін қажетті мөлшерде нәрлі заттары бар ең пайдалы тағам. Сәби 6 айға дейін тек қана ана сүтімен тамақтануы керек. Осыған дейін ол әр түрлі қоспаларды қажет етпейді. Сәбиді дүниеге келгеннен кейін бірден ананың сүтімен еміздіру керек. Ананың сүтімен тамақтанған кезде ана мен бала арасында пайда болатын қарым – қатынас сәбиге қорғаныс пен мейірбандық түйсігін береді. Емшек емізу ананың денсаулығына да жағымды әсер етеді: босанғаннан кейін қан кетуі, сүт безінің, аналық безі мен жатырдың қатерлі ісігінің пайда болу қатері азаяды. Емшек емізу әйелдің осы кезеңде бала көтеруінен сақтандыратын маңызды факторы болып таблады. Уызды сүт кезеңі 1-3 күн өтеді. Бұл кезде өкпе қабыну, ішек және құлақ ауруларына қарсы жоғары имуннобиологиялық тұрақтылығы бар пассивті иммунизация пайда болады. Ана сүтінде өскен нәрестелер жасанды қоспаларда өскен нәрестелерге қарағанда, тыныс алу жолдары мен диарея ауруларына кем шалдығады, тез өсіп дамиды. Баланы керек уақытынан кеш емізу - сәби мен ана ағзасының физиологиялық тұрғысының бұзылуына әкеледі. Сонымен қатар бұл ана сүтінің азаюы мен жоғалуына ықтимал.
Баланы қалай дұрыс емізу керек:
     Сәбиіңіздің іші сіздің ішіңізге тиетіндей, бауырыңызға алыңыз. Оның еріндері емшек жанында болу үшін ыңғайлы отырыңыз немесе жатыңыз. Баланы емізу процессін келесі екі жолмен қарастыру керек:
1. «Емізгінің» формасымен емшекті тартыңыз: сәбидің еріндері тек қана емшектің ұшына ғана тимей, емшек ареоласын да (емшек ұшының айналасындағы дөңгелек аймақ) жабу керек. Сәби емізгінің формасымен емшекті тарту керек және де ол емізгіге қарағанда ұзынырақ. Емшек тек қана емізгінің үштен бір бөлігін алады.
2. Созылған ареоланың тілмен таңдайға жымқырылуы: нәресте тілі бойымен толқынға ұқсас перистальтика (толқи жиырылу) өтеді. Толқын сүттіген синустан нәрестенің аузына сүтті шығарады. Емізу кезінде баланың тіл ұшын төмеңгі ернінің үстінде жиі көруге болады. Баланың тілі емшекті шыны құтының әсеріндей өзіне тартады.
Келесі маңызды сәттерге көңіл болген жөн:

• Емізу емшекті созуға және оны баланың аузында ұстауға көмектеседі. Баланы емізгеннен сүт азаймайды.
• Емшек терісі мен сәби аузының арасында ешқандай қажалу болмауы керек.
Емшек пен ареола сәби аузына терең енгізіледі. Өйткені, сүт синустары ареоланың астында орналасқан. Аузы ашық, еріндері айналдырылған, тілі емшек астында сыртқа қарай шығарылған, иегі емшекке қарай жамқырылған. Кейде сәбиді емізген кезде, ол емшекті толығымен дұрыс алмай, тек қана үрпі арқылы сүтті сорады. Осындай жағдайда сүт қажет мөлшерде шықпайды. Бұл емшекке зиян келтіруі мүмкін.