контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Студенттерді денсаулық мектерімен таныстыру
20-10-2023 11:40
Студенттерді денсаулық мектерімен таныстыру
Денсаулық мектептері
Қазіргі кезеңде денсаулық сақтаудың негізгі мақсаты медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру болып табылады. Қазіргі заманғы денсаулық тұжырымдамасы пациентті өз проблемаларын шешуге тарту қажет деп санайды.
Бұл міндеттерді әлеуметтік маңызы бар жұқпалы емес аурулармен ауыратын адамдар мен жүкті әйелдер үшін ұрыққа әртүрлі факторлардың: физикалық, психогендік, химиялық, жұқпалы және т.б. теріс әсерінің алдын алу, босануға дайындық, сондай-ақ жаңа туған нәрестені дұрыс тамақтандыру және күту дағдыларын алу мақсатында құрылған "Денсаулық мектептері" шешеді.
Денсаулық мектептері, пациенттер мен қауіп факторлары бар адамдарға арналған мектептер денсаулықты нығайту мен сақтаудың басым мәселелері бойынша халықтың нысаналы топтарын оқытудың ұйымдық нысаны болып табылады.
Мұндай мектептердің негізгі мақсаты денсаулықты нығайтуға, ықтимал және бар проблемаларды ескере отырып, аурулардың алдын алуға қатысты белгілі бір мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
 
Денсаулық сақтау мектептерінің басым міндеттеріне мыналар жатады:
 
халықтың жекелеген топтарының қоғамдық және өз денсаулығы мәселелерінде хабардар болуын және оған қоршаған орта факторларының және өзге де тәуекелдердің әсер ету дәрежесін арттыру;
денсаулық үшін жауапкершілікті қалыптастыру және денсаулық сақтау жүйесінің денсаулықты сақтауға және нығайтуға қатысу дәрежесін айқындау;
медициналық араласуды қажет етпейтін жағдайларда денсаулықты өзін-өзі бақылау және өзіне көмек көрсету бойынша білім, білік және дағдылар деңгейін арттыру;
салауатты өмір салты үшін уәждеме жасау және денсаулық жағдайындағы ауытқулар мен асқынулардың, еңбек ету қабілетінен айырылудың және қоғамдағы бейімделудің дамуының алдын алу;
денсаулық жағдайына барабар мінез құлық реакцияларын және денсаулық сақтау технологияларын қалыптастыру;
денсаулықты сақтау және нығайту мәселелеріне өзге де мүдделі ұйымдар мен мамандарды тарту;
мекемелер мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарына бейінді емес жүктемені азайту.
 
Емханада 8 денсаулық мектебі жұмыс істейді: артериялық гипертония мектебі, қант диабеті мектебі, Отбасын жоспарлау мектебі, Белсенді ұзақ өмір сүру мектебі, мінез-құлық қауіп факторлары мектебі, Инсульт мектебі, ұзақ жасаушылар мектебі, дені сау бала мектебі.