контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК Байқау Кеңесіне мүшелерді таңдау бойынша конкурс жариялайды.
07-03-2024 16:50

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Екібастұз қаласының № 3 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 141201, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі 42г, тел. 8(7187)347478 мекенжайы бойынша орналасқан.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі − халыққа толық көлемде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, емханада және үйде көп бейінді консультациялық, диагностикалық және емдік көмек (амбулаториялық, стационарды алмастыратын) көрсету, бекітілген халықтың денсаулығын сақтау бағдарламаларын орындау болып табылады;

Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар:

- денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономика / қаржы және (немесе) кәсіпкерлік және (немесе) заңнама саласында кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе)экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) кәсіпкерлік және (немесе) құқықтар саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік етуі.

Байқау кеңесінің мүшесі ретінде келесі тұлғалар сайлана алмайды:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотталу мерзімі аяқталмағандар;
  • осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлға басшысы болған;

     -   бұған дейін жемқорлық қылмыс жасаған;

- байқау кеңесінің басқа мүшелерімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық байланыста болғандар.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін өтініштер мен құжаттарды қабылдау  2024  жылғы 08 сәүір сағат 10.00-ге дейін жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      3) еркін түрде жазылған өмірбаян;

      4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

      5) жоғары білім туралы құжат көшірмесі;

6) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және бұзу туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Құжаттар келесі мекенжай бойынша қабылданады:

Павлодар  қаласы, Астана көшесі, 59, Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы, тел.320177 «Заң жұмысы бөлімі» № 417 кабинет, 2024  жылғы 08 сәүір сағат 10.00-ге дейін.