контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Артериялық гипертонияның алдын алу
28-09-2015 09:05
Артериялық гипертонияның алдын алу

Өмір салтын тұрақтандыру және зиянды әдеттермен күресу - гипертонияны алдын алудың негізі  

Артериялық гипертонияны алдын алу алдымен зиянды әдеттерден бас тартудан  басталады (шылым шегу, маскүнемдік, есірткі қолдану). Өте аз мөлшерде қолданған никотин қан қысымының көтерілуіне себеп болады және бұл дәлелденген. Темекі түтіні өкпені зақымдай отырып, гипертензияның дамуына әкеп соғады. Ішімдік ішуді азайту керек. Спирт тамырларды түйіншіктерден тазартады, бірақ біз оны аз мөлшерде қолдануды білмейміз. Көп мөлшердегі ішімдік күретамырдағы қысымды жоғарылатады. 

Артериялық гипертензияны алдын алудың екінші аспектісі - гиподинамиямен күрес (дене белсенділігінің төмендеуі). Қазіргі ғылыми-техникалық даму адамның аз қимылдауына әкеп отыр. "Денсаулық қадамдары" сым, басқару пульті, сымсыз байланыс т.б. алмастырылып жатыр. Тіпті медицинада "отырып өлу синдромы" термині пайда болды, бұл аз қозғалудың қауіптілігі және оның адамға тигізетін зардабын жобалайды. Мұны болдырмау үшін өзіңді ауыр жаттығулармен қинаудың қажеті жоқ, оның орнына бірнеше жеңіл жаттығулар жасасаңыз болғаны. Одан да жеңілі - троллейбуспен жүрудің орнына, үйге қарай екі-үш аялдама жаяу жүрсеңіз болады. Әр адам өз бұлшықеттерін жаттықтыруға көп тәсіл табуға болады, ең бастысы ерік күші және сау болуға ынталану керек.