контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Бас дәрігердің парақшысы

BMS_0574

Күләнда Сағынтайқызы Сәкенова 24.12.1960 жылы Екібастұз ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады, емдеуші-дәрігер біліктілігі берілді және «Терапия» мамандығы бойынша интернатурадан өту үшін Екібастұз орталық қалалық ауруханасына жіберілді. 1986 жылы Екібастұз қаласының орталық емханасында цехтік терапевт дәрігер болып қабылданды;1989 – 1993 жылға дейін  Сарықамыс ауылдық дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері болып жұмыс істеді;

1993 – 2002 жылдың сәуір айына дейін «Екібастұзкөмір» емханасының терапевт дәрігері болып жұмыс істеді;

2002ж. сәуірінен 2004ж.қазанына дейін Екібастұз қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша бас маманы болып қабылданды;

2004ж.қазанынан 2007ж,тамыз айына дейін Екібастұз қаласының №2 емханасы» КМҚК бас дәрігерінің емдеу-алдын алу жұмыстары және жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары;

2007 жылдың 15 тамызынан 2014 жылдың 17 қарашасына дейін конкурс негізінде Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің бұйрығымен Екібастұз қаласының №2 емханасының бас дәрігері болып тағайындалды.
2014 жылдың 17 қарашасынан бастап ауыстыру арқылы №3 емханананың бас дәрігері болып тағайындалды.

Кулянда Сагынтаевна бастапқы медициналық –санитарлық көмек көрсету, паиенттерді емдеу, оңалту және диагностикалаудың халықаралық хаттамаларын енгізу, әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету, алдын алу шараларын күшейту бойынша бөлімшелердің жұмысына баса назар аударады.

К.С.Сакенова өзіне және айналасындағыларға талапты, сауатты, жауапты, ынталы, пациенттер арасында және ұжымда абыройлы, жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие. Өзінің біліктілігін үнемі жоғарылатып отырады, соңғы екі жылда ШЖҚ медициналық ұйымдар менеджменті бойынша біліктілігін арттырды және «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру дәрігерінің бірінші біліктілік санаты бар.

Екібастұз қаласы азаматтарының денсаулық сақтау ісіне, денсаулық сақтауды дамытуға жеке үлесін қосқаны үшін, көп жылғы және адал еңбегі үшін 2010 жылы Павлодар облыстық ДСБ Құрмет грамотасымен, Екібастұз қ.әкімінің Құрмет грамотасымен және 2009 жылы Нұр Отан партиясының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2011 жылы  ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мерейтойлық медальмен, 2012 жылы «Павлодар облысының 75 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2011 жылы Президент сайлауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың сенімді өкілі болды. 2012 жылдың 15 қаңтарынан бастап Екібастұз қалалық мәслихат депутаты болып сайланды.