контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
КВИ-ға қарсы ВАКЦИНАЦИЯ өзінің тиімділігін көрсетті-А. ЦОЙ
20-05-2021 09:28
 КВИ-ға қарсы ВАКЦИНАЦИЯ өзінің тиімділігін көрсетті-А. ЦОЙ

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирусқа қарсы екпенің қолжетімділігі 300 мың азамат үшін қамтамасыз етілген, бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

"Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап КВИ-ге қарсы екпе жасау басталды. Екпе КВИ-мен күресудің бірінші желісінің жұмысшыларынан басталды. Бұл тактика әлемнің көптеген елдерінде қолданылған және бастапқы кезеңде ішкі қажеттіліктерді жабу үшін өндіруші елдердің экспортындағы шектеулерге байланысты екпелердің шектеулі көлеміне байланысты", - деді А.Цой.

Министр бүгін, науқан басталғаннан екі ай өткен соң, КВИ-ге қарсы екпе өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетіп, халық арасында сенімді арттырғанын атап өтті. Нәтижесінде, 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 300 мың азаматқа екпенің қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

"Сәуір айында ресейлік вакцинаның қосымша 2 млн. дозасын жеткізу жоспарлануда". Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін 6 млн.жуық қазақстандықты екпе жасау жоспарланған", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Екпенің бұл көлемі КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және өтеусіз негізде барлық ниет білдірушілерге вакцинацияның қолжетімділігін барынша кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастырылған ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде екпе жүргізу кезінде жылжымалы егу пункттері іске қосылады.

Министр сондай-ақ, Қазақстанда ауқымды вакцинация жүргізу тәжірибесі бар екенін еске салды. Бұған дейін дәрігерлер бір ай ішінде тұмаудан 2 миллионнан астам адамды вакцинациялаған.