контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
"Бос орындар жәрмеңкелері-2023"
20-04-2023 20:10

Ертіс аудандық ауруханасы медицина қызметкерлерімен қамту бойынша жұмысы белсенді жалғасуда. Аудандық аурухана әкімшілігі басшының м.а. К.Б.Мустафин және персоналды басқару қызметінің басшысы М.М.Батталова Алматы, Семей және Екібастұз қалаларының жоғары және орта медициналық білім беру мекемелерінің "Бос орындар жәрмеңкелері-2023" көрмесіне қатысты. Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектеріне қажетті бос орындар мен берілетін әлеуметтік құжаттар бойынша мәліметтер жеткізіліп, ақпараттық буклеттер берілді. Сонымен қатар, аурухана және Ертіс ауданы туралы ақпараттық бейнепрезентациялар студенттік жұмыс чаттары мен оқу орнының ресми сайттарына жіберілді.