контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
Мейірбике күні
12-05-2023 19:58
Мейірбике күні
Ертіс аудандық ауруханасының қызметкерлері үшін акт залында аудандық мәдениет үйінің көмегімен мерекелік концертпен Халықаралық медбикелер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
 
Көп жылғы адал еңбегі үшін Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен Бақыт Сұлтанқызы Адылханова, Людмила Васильевна Каверзина, Бану Мухиденовна Саменова, Галина Васильевна Никитина марапатталды.
 
"Senim" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы " ӨҚБ ПОФ құрмет грамоталарымен: Хадиша Кабаевна Шукаева және Ольга Александровна Стынгу марапатталды.
 
"Медицина үздігі – 2023" орта буын медицина қызметкерлері арасындағы кәсіби шеберлік конкурсына қатысқаны үшін қатысқаны туралы дипломдармен Галина Шукановна Мукашева және Альмира Жұмабайқызы Садвақасова марапатталды. 
 
Ертіс аудандық ауруханасының құрмет грамоталарымен: Айгүл Жамбылқызы Нургалиева, Махаббат Мұратқызы Ильясова, Гүлдана Исмағұлқызы Хайруллаева, Дина Сатбекқызы Кошумова марапатталды.
 
Ертіс аудандық ауруханасының алғыс хаттарымен Анара Бауыржанқызы Есеналинова, Жанна Қабиденқызы Жагапарова, Мұқаддасхон Жамалиддин қызи Кочкарова марапатталды.